Ақын – руханияттың рухты жауынгері
Сыр өңірінің, оның ішінде Сырдария ауданының әдеби ортада алатын орны ерекше. Ақын Мұхтар Сақтапов «Таланттардың мекені» деп жырға қосқан өлкенің әдеби-мәдени өмірі жөнінде сөз қозғалса сатира сардары Асқар Тоқмағамбетов, халық жазушысы Қалтай Мұхмеджанов пен Әбірәш Жәмішев, айтыс ақыны Заммадин Ибадуллаевтардың есімі ойға оралады. Осы ретте, атақты тұлғалардың бүгінгі ізбасарлары, жалпы аудандағы жазба ақындар мектебі жөнінде талай таланттың томағасын сыпырып, қияға самғатқан әдебиет жанашыры, «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі, ақын Мамыр Байдәулетпен сұхбаттасқан едік.
– Мамыр аға, бүгінгі әңгімемізді талантты тану, оның талабын ұштау турасынан бастасақ.
– Өзі талант екіге бөлінеді. Бірі тума талант, екіншісі талапты талант. Тума талант пен талапты таланттың аражігін ажырату қиын емес. Бірақ, екеуі де ізденбесе, еңбектенбесе, үйренбесе, білімін жетілдірмесе, ешқандай жетістікке жете алмайды. Сондықтан талант ұшқыны аңғарылған азаматқа бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңес айтудың әбестігі жоқ. Сырдария ауданында тума таланттар көп. Олардың әрбірі кемі бір кітапқа жүк боларлықтай өнегелі іс, өрелі өлең-жыр қалдырды деп айта аламыз.
– Өлең-сөздің құдіретін сезініп, артына өшпес мұра қалдырған, өзіңіз көзің көрген тұлғалардан кімдерді атар едіңіз?
– Бұл өзі өте күрделі сұрақ. Біз бірін атап, бірін атамай кетсек, жұртшылық дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Бірақ, өзім көзің көрген ақындардың ішінде Замаддин Ибадуллаевтың орны ерекше. Оған ешкім талас тудыра алмайды. Заңғар ақынның қасында көп жүрдім, сапарлас, сырлас болдым. Әрі біз Ақжарма деген ауылданбыз ғой. Біздің ауылдан Балашбек Шағыров деген ақын кісі де шыққан. Ол кісіні аудан жұртшылығы жақсы біледі. Аудандық газетте талай мақалалары, өлеңдері жарияланды. Бұл қатарға Асқар Кіребаевты да қосуға болады.
– Замаддин Ибадуллаевтың төл шәкірті, нақ ізбасары екеніңізді білеміз. Бүгінде өзіңіздің де шәкірттеріңіз топ жарып, облысқа, республикаға танылып келеді. Шәкірттеріңіз туралы сөз қозғамас бұрын үзеңгілес замандастарыңыз жөнінде пікіріңізді білсек.
– Үзеңгілес замандастар жөніндегі сұрақ жастық шағымды еріксіз еске түсірді. Ол кезде бәрі бізге өлең болып көрінетін. Өлең үшін ізденіп, ақын болсақ деп армандадық. Аудандық мүшәйраларда жас ақындармен басымыз қосылатын. Олардың ішінде Бағдат Есназардың есімін ерекше атап өтуге болады. Ол білімді, талантты ақын. Бағдаттың кейінгі буын жастарға, жалпы әдебиетке, мәдениетке жанашырлығын сөз еткенде, аудандық мәслихат депутаты ретінде атқарып жатқан жұмыстарын айтуға болады. Ауданның өнер, мәдениет саласына бөлінетін қаржылар, олардың сапалы игерілуі оның басты назарында. Біз кездесе қалсақ та бұл жұмыстар ортақ тақырыпқа айналады. Бағдаттың ұлы Мұхамеджан да ақын ретінде жақсы қырынан танылып келеді.
– Сырдариялық Мұхамеджан жақында өзіңіз ұйымдастырған облыстық айтыстың бас жүлдесін иеленді. Бұл әке қанымен келген ақындық қасиеттің жемісі деп қабылдадық.
– Дұрыс айтасың, Мұхамеджанның жетістігі – отбасындағы тәрбиенің жемісі. Әкесі Бағдат, ағасы Нұрмат болған соң жас ақынның жаман өнер көрсетуге хақысы да жоқ. Маған Мұхамеджанның ізденімпаздығы, кішіпейілділігі ұнайды. Сосын өзіңе тән жайдары мінезі бар. Бұл ақынға керек қасиеттер. Бағдаттың мектебін, тәлім-тәрбиесін көрген жас ақынның алар асуы алда деп сенемін. Бұйырса, ол республикалық деңгейдегі айтыстарда Сыр өңірінің атынан сынға түсіп, жұртшылыққа сүбелі сөз, мәйекті жыр арнайды.
– Сіздің ауыл-ауылдан талант іздеп, тер төгіп жүргеніңізді білеміз. Ол еңбегіңіз нәтижесіз де емес. Өзіңіздің жас кезіңіз, әдебиетке келуіңіз, әдеби ортада танылуыңыз жөнінде айтсаңыз.
– Мен ауылдың қарапайым баласымын. Ауылда тудық, өстік, азамат болып жетілдік. Өзім әңгімесі әсерлі, тарихты терең білетін қариялардың қасында көп жүрдім. Әкем мені жиын-тойлардан тастамайтын. Өзіміз де өлең өлкесіне жақын болып, жас кезімізден түрлі дейгейдегі жыр-мүшәйраларға тұрақты түрде қатысатынбыз. Оның бәрі ұмытылмас кезеңдер. Ақын болып қалыптасуыма Замаддин Ибадуллаевтың әсері мол болды. Зәкең туралы жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы «Бір өзі – бір театр» деген тамаша мақала жазды ғой. Сол мақалада менің ойларым, пікірлерім айтылған. Замаддин ақынның шығармашылығын зерттеуге мән беруіміз керек. Бұл ретте ауданның мәдениет саласы атқаратын жұмыс көп.
– Жаңа өзіңіз ақын Бағдат Есназармен үзеңгілес, сырлас екеніңізді айтып қалдыңыз. Бүгінде Сіздер елуге толып, кейінгі буынның ағасына айналдыңыздар. Бір шығармашылық кеш немесе іс-шара ұйымдастыру жоспарда бар ма?
– Әрине, біздің өлең өлкесіндегі азды-көпті еңбегімізді елейтін әдебиет пен өнерге жанашыр сала мамандары мен ұйымдастырушылар болса, біз әркез дайынбыз. Ақын – руханияттың рухты жауынгері. Біз өзіміз туып-өскен ауданның рухани өміріне қызмет етуге әзірміз. Қазір карантин талаптары көп нәрсені шектеді ғой. Іс-шара ұйымдастыру алдағы уақыттың еншісінде деп ойлаймын.
– Жас жазба ақындарға қандай ақыл-кеңес айтасыз?
– Жастар кітапты көп оқуы керек. Тіл байлығын кеңейту қажет. Сосын тарихты білгені жөн. Кез келген тақырыпта жазу үшін оның тарихын білмесек, ешқашан жақсы туынды шықпайды. Сол себепті, жас ақындарды көп оқуға, ізденуге, әдеби ортаға жақын болуға шақырамын.

Сұхбаттасқан
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ