Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Тағы да 42500 теңге туралы

Тағы да 42500 теңге туралы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте күзде немесе қыста қатаң карантин жарияланған жағдайда 42 500 теңге төлене ме деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, егер Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тағы нашарласа, үкімет бизнес пен тұрғындарға қолдау көрсетеді. "Қазір нақты төлемдер, әсіресе әлеуметтік төлемдердің көлемі жайлы айту әлі ерте", - деді Нұрымбетов.

Нұрымбетов еңбек министрлігі денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ұсынған үш сценарийдің ең нашарына дайындалып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда жұмыссыз қалуы мүмкін қазақстандықтардың саны туралы есеп жасалған.

"Біз сценарийдің қандай болатынын білмейміз. Біз сәуір-мамыр айларында болған қатаң карантиндік шараларды есепке ала отырып, еңбек нарығына баға бердік. Егер жағдай нашарлап, үкімет сәуір-мамыр айларындағыдай қатаң шаралар қабылдаса, онда шамамен 4 миллион адам жұмыс орнын сақтап қалады.

28 пайыз, яғни 2,5 миллион адам қашықтан жұмыс істеуге ауысады, шамамен 2 миллион адам жұмыс уақытының қысқаруынан зардап шегеді. Олар ақылы не ақысыз демалысқа кетеді.

Егер қатаң карантин болса, онда шамамен 160 мың адам жұмыстан шығарылып, жұмыссыз қалуы мүмкін", - деді министр.
10 қазан 2020 ж. 335 0