Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлғайған зейнетақы мен жәрдемақы қашаннан бастап беріледі?

Ұлғайған зейнетақы мен жәрдемақы қашаннан бастап беріледі?

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook-тегі парақшасында зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшерінің 10%-ға көтерілуі қандай тәртіппен жүзеге асырылатынын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды baq.kz

Біздің қадірменді зейнеткерлеріміз және жәрдемақы алушыларымыздың назарына. Ел президентінің 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес, сәуір айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшері жылдық есептеуде 10 процентке индексациаланады (елімізде 4 миллионнан астам алушыларымыз бар, жылына 3,4 трлн теңге төленеді), - деді Нұрымбетов.

Министр аталмыш өзгерістің қандай тәртіппен іске асырылатынын айтты.

Төлемдердің мөлшері, 2020 жылдың сәуір айынан, 2019 жылғы мөлшеріне қарағанда, 10%-ке артуы тиіс. Ол дегеніміз, 2020 жылдың 1 қантарынан базалық зейнетақы мен жәрдемақылар 5%-ке өскен еді, ал негізгі жасына байланысты зейнетақы - 7 процентке. Енді, 1 сәуірден бастап базалық зенетақы мен жәрдемақылардың мөлшерінің өсімі 2019 жылдың желтоқсанына қарағанда 10%-ке дейін жеткізіледі, ал негізгі жасына байланысты зейнетақы - 12 процентке дейін (2019 жылға қарағанда), - деді министр.

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, алдағы аптада республикалық бюджет жөнінде заң қабылданып, тиісті Үкіметтің қаулысы шығады. Одан кейін тиісті қаражат бөлінеді.

Бұл ретте, заң бойынша, сәуір айының зейнетақыларымен жәрдемақыларын біз 1 сәуірден бастап, қаражатты толығымен аударып, төлеп жатырмыз.

Сондықтан, төлемдерді ұлғайған мөлшерде біздің қадірменді зейнеткерлеріміз және жәрдемақы алушалыр, мамыр айнынан бастап алады. Сол мамыр айына төлегенде, сәуір айының ұлғайған бөлігін қосып төлейтін боламыз, - деді еңбек министрі.
05 сәуір 2020 ж. 619 0