Кәсіпкер келіншек
Баянның кәсіпкерлікке бейімділігі ел Тәуелсіздігінің елең-алаңында танылды. Шынашақтай келіншек жары Нұрғалимен бірге бастаған істерін бірден үйіріп алып кетпегенімен, отбасына жететін нәпақа тауып, киімдері бүтін, тамақтары тоқ болды. Бұл нарықтың өтпелі кезеңінде жаман нәтиже емес еді. Өйткені көпшілік өз бетінше күн көруге әлі де дағдыланбаған болатын.
...Қағылез қара қыз мектепте де жақсы оқыды. Онжылдықты тәмамдаған соң Қаз МУ-дың журналистика факультетіне оқуға түсті. Екінші курсты бітірген жазда тұрмысқа шығып, әрі қарай оқуын жалғастыруға отбасылық жағдайы мұрша бермеді. Балалар бірінен соң бірі дүниеге келіп, шаңырақ шаттыққа толды. Баян үй шаруасында жүрсе де ата кәсіп мал шаруашылығында еңбек ететін жолдасы Нұрғалидың жұмысына қолғабыс етті.
Қайынатасы Әбдіғани Асанов жылқы зауытын басқарған білікті азамат еді. Ата кәсіпті ардақ тұтқан ерлі-зайыпты Нұрғали Асанов пен Баян Бұрханова нарықтың алғашқы кезеңінде төрт түлік малдың арқасында онша таршылық көрген жоқ. 2005 жылы дүкен ашты. Қандай істі қолға алмасын оның түпкі нәтижесіне жетуді алдына мақсат етіп қоятын кәсіпкер келіншек кәсібін бірте-бірте дөңгелентіп, кеңейтті. 2016 жылы «Бекнұрлы Жер» атты ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, 30-40 асыл тұқымды сауын малын ұстады. Одан өндірілген өнімді қала базарына шығарды.
– Кәсіпкерліктен көңілім қуаныш табады. Өмір жолымда ауыр қайғы да кездесті. Жолдасым Нұрғали бұдан бес жыл бұрын ауыр науқастан қайтыс болды. Тағдырдың ісіне не шара? Қайғымды еңбекпен бастым, – дейді Баян.
Кәсіпкерге тән қасиеттің барлығы оның бойынан табылады. Баянның негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғанымен уақыт тауып басқа да кәсіп түрлерімен айналыса береді. Жыл сайын студент кіші ұлы Бекнарханмен бірге кесек құйып, үй салушыларға өткізеді. Осыдан үш жыл бұрын балаларымен бірге даңғарадай коттедж үй салып алды. Үлкен ұлы Русланға «Супермаз» көлігін алып беріп, ол бүгінде алыс қалаларға жүк тасымалдап, кәсіп жасайды.
«Кәсібің – нәсібің» дегендей қол қусырып қарап отыруды білмейтін, малға күтім жасайтын, дүкен ұстап, тіпті кесек те басатын Баян өзін әрдайым еңбекте бақытты сезінеді. Өйткені еңбекпен тапқан нан тәтті.
Өз кәсібінде рухани жаңғыруды жан жүрегімен қалайтын, үлгілі еңбегімен балаларына, ауылдастарына өнеге болып жүрген Баянның жұмысына сәттілік, зор табыс тілейміз.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ