Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тұзды тұтынудың нормасы туралы білесіз бе?

Тұзды тұтынудың нормасы туралы білесіз бе?

Тұзды шамадан артық тұтынудың артериялық қысымды арттыратындығы, жүрек талмасы, инсульт секілді дерттерге әкелетіндігі бұрыннан белгілі.

Бұдан бөлек тағы бір қатар зияндары барын жақында неміс ғалымдары жариялады. Германиялық Бонн клиникалық университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде тұзды шамадан артық тұтыну иммундық жүйені әлсірететінін мәлімдеді.

Ғылыми зерттеудің жетекшісі Катаржина Джобин «тұзды азық диетасы пайдалы» деген тұжырымның қате екендігін айтты.

Тұзы қалыпты нормада қоректенген тышқандарға қарағанда, тұзы шамадан артық берілген тышқандар тобы, бактериялық инфекцияларға көбірек шалдыққандығы байқалған.

Содан кейін өз еркімен келіскен адамдарға жасалған зерттеу барысында, ғалымдар бір аптадан кейін-ақ олардың иммундық жасушалары бактериялық инфекциялармен күресуде осалдық таныта бастағанын анықтаған.

Зерттеуге қатысқан адамдар күндік нормаларына 6 гр қосымша тұз қолданған болатын. Айта кететіні ДДСҰ-ының ұсынысы бойынша тұздың күндік нормасы 5 грамнан аспағаны абзал.

08 қазан 2020 ж. 419 0