Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Заң" сөзі қайдан келгенін білесіз бе?

"Заң" сөзі қайдан келгенін білесіз бе?

«Заң» сөзі көпшілікке жақсы таныс. Бірақ екінің бірі бұл сөздің түп-төркінін біле бермейді «Бірақ оның этимологиясы қандай? Бұл сөз қалай пайда болды?» деген сұрақтар турасында көп ойлана бермейміз. Ендеше осы сөздің шығу тегін stan.kz бүгінгі материалында түсіндіреді.

«Заң» сөзі туралы ғалым Әбдуәли Қайдар заң-закон қос сөзін талдау барысында былай дейді: «Бұл қос сөздің алдыңғы сыңары заң қытай сөзі де, кейінгісі закон орыс сөзі.

Қытай тілінде (ян) деген екі элементті иероглиф «ереже, үлгі, түр, қалып, сорт, стиль, тәсіл» деген мағыналарға ие.

Қазақ тіліндегі заң «ян» сөзінің «ерекше, үлгі» деген мағынасында қалыптасып, кейбір тұлғалық өзгерістерге душар болғанын байқау қиын емес. Қытай тілінен біраз сөздер қабылдаған ұйғыр тілінде бұл сөз «франт, фат, сәнқой» деген ауыспалы мағынасында жұмсалады; ұйғыр тілінде өте жиі қолданылатын яңза (түр, сорт) сөзі де дәл осы ян түбіріне –цзы есімдік жұрнағын жалғау арқылы жасалған қытай сөзі.

Ұйғыр тілінде ян сөзінің «закон» мағынасында қолданылмауына себеп – онда бұл мағынаны білдіретін иран тілдерінен енген қанун, қайдә деген баламалары бар.

Қазақ тілінде бұл баламалардың жоқ болуы бірде қытайдың заң (ян) сөзін, бірде орыстың закон сөзін қолдануына (не қабаттастыра айтуына) итермелеп отыр». Сонымен, ғалымның айтуынша, «заң» сөзінің қытай тілі арқылы келгенін білдік.
05 қазан 2020 ж. 476 0