Ардагерлер тарихи орынды аралады
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында «Сырдария» қоғамдық қорының және аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен кенттің бір топ ардагерлері ауданның киелі және тарихи орындарына саяхат жасады.
«Сырдария» қоғамдық қорының «Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында қоғамдағы маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру мен қайырымдылық көмектер жасау» жобасы бойынша өткізілген сапар дін ғұламасы Қалжан ахун медресесіне зиярат етуден басталды. Рухани қазынаға бай орынның тарихы туралы аудандық музейдің ғылыми қызметкері болған, бүгінде зейнеткер әрі өлкетанушы Жәнібек Махамбет кеңінен мәлімет берді.
– Қалжан ахун кесенесінің құрылысы дін өкілі оқыған «Көкілташ» медресесінің жобасына келеді. Дегенмен Бұхарадағы медресе екі қабатты. Қалжан ахун өзі бала оқытатын осы мешіт-медресені салу үшін алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізген. Құрылысқа қажетті қыш күйдіретін орын да салғызған. Арық қаздырып, қауыз жасатқан. Арықты жағалай тал-терек отырғызған. Қалжан ахун Бөлекбайұлы қаздырған арық «Ахун арық» аталады. Осылайша жергілікті тұрғындарды дін ғұламасы отырықшылыққа үйреткен, – дейді өлкетанушы.
Төңкеріске дейін Қалжан ахун мешіт-медресесінде түрлі пәндер оқытылған. Мұғалімдер бөлмесі, пән кабинеттері соның айғағы.
– Бұл жер менің туған өлкем. Тоғыз жасқа дейін асыр салып ойнағанмын. Елді мекен Шолақ арық ауылдық кеңесіне қарады. Қалжан ахун кесенесін кие тұттық, – дейді құрылыс саласының ардагері Төлеу Сүлейменов.
Қалжан ахун мешітіне бізбен бірге барған тағы бір ардагер Серік Кәрібаев өткен ғасырдың елуінші жылдардың бас кезінде әжесімен бірге мал қарап жүріп кесенеге кіргенін, сонда бірнеше бөлмелерінде қағаздарының шашылып жатқанын айтады. Иә, Кеңес дәуірінде дінге көзқарас дұрыс болмады. Сондықтан асылдарымыз бағаланбай келді. Еліміз егемендік алғаннан кейін жанашыр азаматтардың ықпалымен мешіт-медресеге реставрация жасалды. Дін ғұламасы Қалжан ахун Бөлекбайұлының 150 жылдығы 2012 жылы ауданда жоғары деңгейде аталып өтілді.
Бұдан соң ардагерлер Тереңөзек теміржолының басты қақпасы – ескі және жаңа вокзалда болды. Ескі вокзал – өткен тарихымыздың куәсі. Өткен ғасырдың бас кезінде теміржол салынғанда вокзалда бой көтерген. Оның жанындағы осы кезге дейін сақталып тұрған су мұнарасының да өзіндік тарихы бар.
Ардагерлер саяхатын аудандық мұражаймен аяқтады. Мұнда да аудан тарихынан сыр шертетін көптеген жәдігерлермен танысты. Көптен мұндай саяхатқа шықпаған ардагерлер ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Ш.Нұрсейітов