Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жіберілген қателіктерді ескере отырып, алға қарай ұмтылу керек

Жіберілген қателіктерді ескере отырып, алға қарай ұмтылу керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы ел өмірінің көптеген жақтарын қамтыды.

Халықтың жиі көтеретін мәселелерін біле тұра, Жолдау әрбір отбасы тарапынан қолдау табатынын айта аламын. Короновирустық инфекциямен күрес кешенді түрде жалғасады. Мемлекет тарапынан берілетін барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалатыны туралы айтылды.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы біздің әйелдердің электрокарпаральді ұрықтандыру (ЭКҰ) кезегін 70% азайтуға мүмкіндік береді. Тек біздің облыста 400-ден астам әйел 5 жылдан 10 жылға дейін квоталарын күтуде. Жыл сайын әр облысқа 35 квотадан артық бөлінбейді. ЭКҰ санын 7 есе арттыру жүздеген әйелдерге аналық қуаныш сезінуге мүмкіндік береді және ажырасуды кем дегенде 20%-ке азайтады.Барлық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттердің немесе дәрігерлік амбулаториялардың ашылуы, транспорттық медицинаның дамуы, кадрлық жетіспеушілікті шешудің жүйелі саясаты, жалақының өсуі – ауылдық медицинаның қолжетімді, ал медициналық қызметтердің сапалы болуына септігін тигізетіні сөзсіз.

13 заманауи жұқпалы аурулар ауруханасы және 20 көпсалалы медициналық кешендердің салынуы және соның ішінде екі заманауи аурухананың Қызылорда өңірінде салынуы медицинаның сапасын жақсартатыны сөзсіз.

Медицина қызметкерлерінің беделі мен рөлін арттыру, жалақыны өсіру, ынталандыру төлемдері үшін тиісті қаражаттар қарастырылатындығы еліміздің медицина қауымдастығы үшін баға жетпес қолдау болып табылады. 

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,
Парламент Сенатының депутаты,
06 қыркүйек 2020 ж. 431 0