Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жолдау жарияланады

Жолдау жарияланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады», – деп жазды Берік Уәли.
26 тамыз 2020 ж. 805 0