Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жетекші партияның рөлі зор

Жетекші партияның рөлі зор

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы қазіргідей күрделі жағдайда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалуға негізделген. Осыған байланысты Парламент пен Үкіметтің алдына нақты шараларды қабылдау жүктеліп отыр.

Жолдауда Қазақстан Президенті ел азаматтарының мүддесін қорғауда маңызды миссияны бұрынғыдай саяси партиялар атқара беретініне тоқталды. Оның ішінде еліміздегі жетекші партия саналатын «Nur Otan» партиясын ерекше атап өтті.

– «Nur Otan» партиясы өзінің іс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекші саяси күш екенін дәлелдеп отыр. Партия алдағы реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып, өзінің әлеуетін толықтай пайдаланатын болады, – деген Мемлекет басшысы көппартиялық жүйені дамытуға күш салатынын жеткізді.

Жалпы қазіргі кезеңде жетекші партия елдегі саяси жүйеге тікелей араласып, тұрғындар әл-ауқатының жақсаруына алдыңғы шепте жұмыс жасап келеді. Партия тарапынан түрлі деңгейдегі жобалар жүзеге асырылып, соның нәтижесінде қазақстандықтардың мүддесі қорғалуда.

Пандемия кезеңінде нұротандықтар халыққа көмек қолын созды. Атап айтқанда, Елбасы – «Nur Otan» партиясы төрағасының бастамасымен 550 мыңнан аса отбасы «Біргеміз» қорының қолдауымен бір жолғы қаржылай көмекке ие болды. Мұның барлығы ел игілігі жолында жасалып жатқан жарқын жұмыстар.
Еркебұлан ЖАҚЫП,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының
бірінші орынбасары
02 қыркүйек 2020 ж. 713 0