Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушыларға сыйлыққа планшет берді

Оқушыларға сыйлыққа планшет берді

1 қыркүйек – Білім күнінде меценат, «Абай-Дәулет» ЖШС-нің директоры Мұрат Сәрсенбаев аудандық білім бөліміне келіп, оқушыларға қажетті электронды құрылғыларды тарту етті.

– Карантин жағдайында оқушылардың білім алуы қашықтан ұйымдастырылып отыр. Бұл ретте білім алуышлардың қажетті құрылғыларымен қамтамасыз етілуі маңызды. Осыған орай біз өз тарапымыздан 10 заманауи планшетті әкеліп отырмыз. Жас ұрпақ білім алса, елдің келешегі кемел болары сөзсіз. Сондықтан олардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды жасауға тиістіміз, – деді жанашыр азамат.

Оқушылардың қашықтан білім алуын қамтамасыз етуге атсалысқан белгілі кәсіпкерге аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев алғыс білдірді. Аудан әкімінің орынбасары «Абай-Дәулет» ЖШС әркез игі бастамалардың басы-қасында жүріп, халыққа көмек көрсетуде үнемі жанашырлық танытатынын жеткізді.

Серіктестік директоры планшеттерді аудандық білім бөлімі маманына табыс етті. Бұл электронды құрылғылар аудан оқушыларына таратылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін серіктестік тарапынан Бесарық және С.Сейфуллин ауылының оқушыларына планшеттер берілген болатын. Осындай игілікті іске үн қосып жүрген жанашыр азаматқа алғыс білдіреміз.

02 қыркүйек 2020 ж. 504 0