ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ ПАРТИЯСЫ
Биыл «Нұр Отан» партиясына 20 жыл. Осы бір қос ондықта еліміздегі жетекші партия айтулы істерді тындырды. Қазақстанның қарқынды дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Нұротандықтар республикадағы жетекші партия ретінде әлеуметтік-экономикалық жұмыстарға белсене араласып, халықтың әл-ауқатының түзелуіне ықпал етуде. Жиырма жыл ішінде көптеген жобаларды іске асырып, оның игілігін қазақстандықтар көріп келеді.
Кезекті сессияда Елбасы Н.Ә.Назарбаев партияның әлеуетін айтып, оның беделді партия екенін атады.
– «Нұр Отан» – толағай табыстың және болашаққа жол ашатын жарқын жетістіктердің партиясы. Біздің ұзақ мерзімді стратегиямыз, мол табиғи ресурсымыз, саяси ерік-жігеріміз бар. Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан, мен өзіме сенім артқан халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді. Біздің ұстанымымыз - татулық пен тыныштық, ұранымыз - береке мен бірлік. Тәуелсіз Қазақстанның арқа сүйейтін тірегі – баянды бейбітшілік пен келелі келісім! Бас партия болу дегеніміз – басқару емес, елге адал қызмет ету! Біз – халық бірлігінің партиясымыз. Бүгінгі съезд Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады, – деуімен Мемлекет басшысы жетекші партияның халық үшін жұмыс жасайтынын аңғартты. Алдағы онжылдықтың да жоспарын айқындап, міндеттерін белгілеп берді. Оны жүйелі іске асыруды нұротандықтарға сеніммен тапсырды. Бұл жолда еш аянып қалмасымыз анық. Сондықтан партия қатарында елге, халыққа қызмет ету – абыройлы міндет болмақ.
Мырзағали КЕҢБАЕВ,
Аманкелді ауылдық «Қоғамдық кеңес» төрағасы