Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Айрықша маңыз берілген

Айрықша маңыз берілген

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың биыл Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ерекше қанағаттанғандық сезіммен қабыл алдым.


Бұл тарихи құжатта бүгінгі күннің өзекті мәселелері жан-жақты қамтылған. Мен өзім ардагер дәрігер болғандықтан Жолдауда айтылған медицина саласы тақырыбына көңіл бөлдім. Қазіргі әлемді жайлаған індет кезінде еліміздің медицина саласын назарда ұстап, қамқорлық таныту маңызды міндет. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы көрегендік танытып, жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурухана салынатынын айтты. Дәрі-дәрмектің барлығы өз елімізде өндірілуі керек дегені де көңілден шықты. Бүгінгі таңда медициналық инфрақұрылымды дамыту маңызды болмақ. Қоғамның басты байлығы адам болғандықтан медицина саласына Жолдауда айрықша мән берілгені көрініп тұр.

Астрахан Қожақов
ардагер дәрігер
01 қыркүйек 2020 ж. 407 0