Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ауылшаруашылығы саласын дамыту көзделген

Ауылшаруашылығы саласын дамыту көзделген

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдауда Мемлекет басшысы ауылшаруашылық саласына басымдық берді. Кейбір қордаланған мәселелерді шешуді жауапты министрлікке тапсырды. Асыраушы сала – халық әлеуетін көтеруде маңызды рөлге ие. Бар жағынан ауылшаруашылығы саласын дамыту өзекті мәселе.

Қазіргі таңда аудан бойынша шаруашылықтарда егінге орақ түсуде. Шаруалар биылғы жылы астықты қамбаға молынан толтыруға ниетті. Экономикалық өрлеудің бір бөлшегі саналатын ауылшаруашылығы саласында мамандардың тапшылығын жою басты назарда. Аграрлық саланың дамуына ерекше көңіл бөлу керек-ті. Ендеше Мемлекет басшысы баса айтқан аграрлық секторға  инвестиция тарту  ауылшуаршылығы саласын жан-жақты өркендеуіне жол ашады.  

Марат Бисенов,
Сырдария аудандық мәслихат депутаты 
01 қыркүйек 2020 ж. 717 0