Қоғамдық кеңес жұмысы жанданады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдау барысында Мемлекет басшысы Сырдария ауданынан бастау алған «Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсуді» тапсырды.
– «Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу қажет. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту керек. Сондай-ақ квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастырған дұрыс. Парламент қарауындағы тиісті заң жобасын жыл аяғына дейін қабылдаған жөн», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, ҚР Президенті қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту қажеттігін баса айтты. «Мысалы, біз мүмкіндігі шектеулі жандар осындай ұйымдардың жұмысына араласып, өз үнін жеткізуі үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Олар әрқашан мемлекеттің ерекше назарында тұруға тиіс», - деген Президенттің Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы орынды.
Әрине қоғам өмірімен біте қайнасқан Қоғамдық кеңестің жұмысын жетілдіру маңызды. Мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстарға өз бағасын бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелері айтулы шаралардың басы-қасынан табылады. Қай кезде де кеңесте қаралған мәселелер мемлекет тарапынан оң шешімін табатынына сенім білдіреміз. Шындығында күрмеуі шешілмеген сан түрлі қиындықтар Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқылауынан өтіп, барлық жағдайға байланысты орайластырылады. Алдағы уақыттаәлеуметтік топ өкілдерін жұмысын жандарып, негізгі мәселелерін үйлестіру керек. Оларды белсенді шараларға тарта отырып, өз ойларын ортаға салуға жағдай жасауыз қажет.
Алдағы уақытта Жолдауда айтылған ел мүддесі жолында жүзеге асатын басым-бағыттарға Қоғамдық кеңес мүшелері айрықша мән беретін болады.
Ұлмекен ЖАНӘЛИЕВА,
Сырдарияа аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі