Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада провизорлық орталық жабылды

Қызылордада провизорлық орталық жабылды

Қызылорда қаласында 360 орындық провизорлық орталық жабылды. Бұл Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медициналық мекеме індет өршіп тұрған уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 5-ші жатақханасынан ашылған болатын. Шіденің 1-і күні жұмыс істей бастаған орталықта 1 айда өкпесі қабынған 1000-ға жуық науқас емделді. Енді міне соңғы адам еміне шипа тауып, үйіне қайтты. Зейнеткер бұл орталыққа өте ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлердің біліктілігі мен қажырлығының арқасында екі аптада денсаулығы жақсарды. Айта кету керек емдеу мекемесінде 200-ге жуық медициналық қызметкер екі ауысыммен қызмет еткен. Жатақхана толықтай медициналық құралдармен жабдықталды. Бірінші қабатында фильтр кабинеті орналастырылды.
03 тамыз 2020 ж. 296 0