Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі қандай азаматтардан құрылуы тиіс?

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі қандай азаматтардан құрылуы тиіс?

7 шілдеден бастап Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі мүшелерін сайлауға кандидаттарды тізу басталды. Аталмыш шараға қатысты Өңірлік кеңестің сайлауға дейінгі құрамында белсенді жұмыс жасаған кәсіпкер Болат Нұрхожаев кәсіпкерлерді кеңес мүшелігіне сайланбалы негізде анықтаудың маңызы зор екендігін айтуда.

«Кейбір өңірлерден қазіргі індет жағдайында осы сайлауды кейінге шегере тұру туралы ұсыныс та айтылған болатын. Бүгінгі таңда  қиындықтар мен көптеген адам шығыны болып жатқанының бар ауыртпалығы мен қайғысын әсіресе кәсіпкерлер толық сезініп отыр, оны облыстағы белгілі кәсіпкерлердің бәрі білетініне, сезінетініне еш күмәнім жоқ. Бірақ экономикаға, әрбір кәсіпкерге ғана емес, оның тіпті қызметкерлері отбасының өзіне ертең бұдан да қиын кезеңдер тумасына ешкім кепіл бола алмайды. Сондықтан кәсіпкерлікті қорғайтын, қолдайтын бірден-бір ұйым ретінде Кәсіпкерлер палатасы жұмысы онлайн режимде болса да тоқтамауы тиіс. «Атамекен» ҰКП-ның көп жаңашылдықтың, қазіргі жағдайда ұтымды ұсыныстардың бастамашысы екендігі қиын, сын кезеңде көрінді», - дейді кәсіпкер.

«Тәуелсіз, еркін қимылдайтын Кәсіпкерлер палатасының тез, жедел шешім қабылдайтын кезеңде, кешегі төтенше жағдай кезінде қандай көмегі болғанын, болып жатқанын ел біліп, көріп отыр. Талай «Атамекен осы не істеп жатыр?» дегендердің оған көзі ендігі жеткен шығар. Ал кәсіпкерлікке кедергі көп. Бір ғана мысал келтірейін, күні кеше монополист компания облысымыздағы індет өршуіне байланысты қабылданған қаулыға сілтеме жасап кәсіпкерлерге техникалық шарт беруді тоқтатуды ұсынған. Алайда қаулыда ол көрсетілмеген, яғни монополистің ол қаулыға сілтеме жасауға негізі жоқ. Оның үстіне тұрғындарға, яғни заңды емес тұлғаларға бұл қызмет көрсетілуі тоқтамаған және өзге төрт монополист мекеме бұл қызмет түрлерін тоқтатқан жоқ. Бұл қазіргі індет жағдайында жұмысы тоқтап тұрған кәсіпкерлерге ең болмаса қажетті құжаттарын реттеп, рәсімдеп алуға кедергі болады. Міне бұл мәселе де күні кеше Кәсіпкерлер палатасы мен Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы бірлескен ықпалымен шешімін табуда. Кәсіпкерліктің дамуы міне осындай тіпті кішкене мәселелер, кедергілердің өзінің дер кезінде шешілуінен болады», - дейді Болат Нұрхожаев.

Кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Болат Нұрхожаев: «Өңірлік кеңес әр түрлі сала кәсіпкерлерінен, әсіресе тек ірі немесе қала кәсіпкерлерінен құралмауы тиіс, бұл орган облыстағы ахуалды жақсы білетін, оған обьективті, тиімді ұсыныс бере алатын, өз мүддесі мен амбициясынан қоғам (кәсіпкер) мүддесін артық санайтын азаматтардан құралуы тиіс», -  деген пікірін де білдіріп отыр және өзге әріптестерін шараға белсенді қатысуға шақыруда.

Айта кетейік, Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер кәсіпкерлер құжаттарын 15 шілдеге дейін онлайн режимде www.vote.atameken.kz сайты арқылы немесе офлайн режимде Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына (Мекен-жайы: Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі 12, «Бастау» бизнес орталығының 11-қабаты, 1107-кабинет) тапсыра алады. Ақпаратты 8 7242 400873, 87777643311 телефоны арқылы алуға болады.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

10 шілде 2020 ж. 388 0