Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

№93 газет

25 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Өңірлік кеңеске сайлау басталады

Өңірлік кеңеске сайлау басталады

Қызылордада 7 шілдеде Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталады

Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады. Құжаттарды офлайн нысанда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына (Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі, 12, «Бастау» бизнес-орталығының 11-қабатығ 1107-кабинеті) немесе онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге болады.

Кандидаттар өңірде тіркФелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен Кәсіпкерлер палатасынан аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

•Қазақстан Республикасының азаматы болу;
•өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
•кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
•өңірде жария тұлға болу;
•кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
•бизнесінің тарихы оң болуы;
•әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
•облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
•Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады. 

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
03 шілде 2020 ж. 448 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам