Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлман Оңғарбаева, жас түлек: Арманым – ұстаз болу

Ұлман Оңғарбаева, жас түлек: Арманым – ұстаз болу

Ұлттық бірыңғай тестілеуден 130 балл жинаған Ұлман Оңғарбаева Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебінің түлегі.  Ата-ана үмітін, ұстаздар сенімін ақтаған білімді жас «Алтын белгі» иегері атанған. Болашақта ұстаз болуды армандайтын ол ҰБТ-дағы жарқын жетістікке еңбекпен, ізденіспен жеткенін айтады.

«Мен Ұлттық тестке тыңғылықты дайындалдым. Өз білімімді шыңдап, кітаптар оқып, уақытымның көп бөлігін оқуға арнап жоғары ұпай еншіледім. Мұндай нәтижеге Жібек Азаматова, Рәзия Күдебаева, Роза Майгелдиева, Индира Қабылова секілді ұстаздарымның берген білімінің арқасында жеттім. Келешекте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып, туған жеріме өз пайдамды тигіз­гім келеді. Ең құрметті мамандық иесі – ұстаз атану жолында еңбек ете беремін», дейді жас түлек.

Атап өту керек, Jas Otan Жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ақтөре Ибрагимұлы жас түлек Ұлман Бейбітқызын ҰБТ қорытындысы бойынша 130 балл жинауымен құттықтады. Құттықтау шарасы карантин талаптарына сәйкес қашықтықтан, яғни WhatSapp желісі арқылы видеобайланыс режимінде ұйым­дастырылды. Видеобайланыста Jas Otan ЖҚ-ның аудандағы жетекшісі шіркейлілік жастың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестігін білдірді.

Фатима МАРАТҚЫЗЫ
04 шілде 2020 ж. 692 0