Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлтты біріктіруші ұлы тұлға

Ұлтты біріктіруші ұлы тұлға

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіз еліміздің тұғырын бекітудегі еңбегі орасан зор. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында жан-жақты қамтылған. Қазақстанды әлемге танытып, мойындатқан реформатор – Елбасы.

Мақалада ел астанасын Арқа төсіне көшіру туралы идеясы Қазақстанның дамуындағы маңызы зор тарихи бетбұрыс болғаны айтылады. Өйткені Елорданы Есілдің жағасынан салу жөніндегі бастамасы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де, әлемдік қауымдастық алдындағы беделіне де айтарлықтай серпіліс әкелді.

Елбасы ұлтты біріктіруші ұлы тұлға ретінде тәуелсіздік тұжырымын бекітуге және нығайтуға бар күш-жігерін арнады. Қазіргі әлемді жайлаған індет кезінде Елбасы халықтың қамын ойлап, тұйықтан шығудың жолын ел Президентімен бірге қарастырып отыр.

Сайып келгенде Елбасы еліміздің негізін қалаушы реформатор ретінде тарихта қалады.

Өмірзақ СӘДУОВ,
мемлекеттік қызмет ардагері
04 шілде 2020 ж. 661 0