Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қоғам үшін тиімді бастама

Қоғам үшін тиімді бастама

Алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болмақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаев төрағалық ететін Nur Otan партиясы праймериз өткізуді уақытылы ойластырып, іріктеудің заман талабына сай соңғы технологиялар арқылы өткізілетінін мәлімдеді. Бұл қоғам үшін тиімді бастама.

Алда болатын праймериздің тағы бір ерекшелігі, үміткерлер арасында жастар мен әйелдер квотасының сақталуын қарастыру. Яғни, партия тізімімен түсетін кандидаттар арасында әйелдер үлесі 30% және жастардың үлесі 20% болуы шарт. Бұл, келешекте депутаттар арасынан заманауи креативті жастар мен әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді көтеретін әйелдердің көптеп көретіндігіміздің кепілі.

Өткен жылы ауданда пилоттық жоба ретінде партия ішілік іріктеу өтті. Аталған жұмысты аудан халқы, оның ішінде Nur Otan партиясының мүшелері жоғары деңгейде ұйымдастырып, жақсы қорытындыланды. Бұл бірлікті, өзара үйлесімді жұмысты білдіреді. Алдағы праймеризде де осылай үлгі-өнеге көрсететінімізге сенім мол.

Бір сөзбен айтқанда, праймериз өткізу саяси маңызды шешім болды. Еліміздің саяси өміріндегі елеулі оқиғаға партияның барлық мүшелері атсалысады деп ойлаймын. Себебі жетекші партия әрқашан халықпен бірге.

Жұмабек ЕМБЕРГЕНОВ,
Сырдария аудандық мәслихатындағы
Nur Otan партиясы депутаттық
фракциясының жетекшісі

23 маусым 2020 ж. 470 0