Індет салғырттықты кешірмейді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комисссияның кезекті отырысын өткізген болатын. Кеңес барысында Мемлекет басшысы коронавирустың таралуын бәсеңдету үшін қажетті шаралардың дер кезінде қабылданғанын жеткізді. Әлем бойынша сын-қатерлі уақытта жан-жақты шаралар қабылдануда. Шын мәнінде елімізде сақтық шарасы күшейтіліп, карантин талаптарын орындау құзырлы органдарының басты қадағалауында болуы тиіс. Аймағымызда күн санап дертті жұқтырған адам саны көбеюі көпшілікті алаңдатады. Өз кезегінде оңтүстік аймақтарының халқы бір-бірімен тығыз орналасқандығын ескерген ел Президенті бұдан әрі де карантин талаптарын күшейтуді тапсырды. Бұл дұрыс шешім. Қазақ халқының «Сақтансаң сақтаймын» деген қағидасын көпшілік қаперге алып, тәртіпке бағысынса игі.
Аймағымыз Тәуелсіздік жылдары аграрлық салаға ерекше көңіл бөліп келеді. Пандемияның шаруалардың жұмысына кедергі келтірмес үшін вирустан дер кезінде қорғанып, бұрынғы қалыпты жағдайға түсу маңызды. Көктемгі егіс барысында қауіпсіздікке көңіл бөліп, жауапты кезеңді еңсереміз. Осындай қиын-қыстау сәтте зор сеніммен індетті артқа тастайық. Барынша төзімділік танытып, сабырлы болайық! Қауіпті індет еш уақытта салғырттықты кешірмейтінін ұмытпайық!
Бөлеген РАХМЕТ,
Сәкен Сейфуллин ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы
Сәкен Сейфуллин ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы