Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Дархан Қожахметов: Студенттер қашықтан білім алуды жалғастырады

​Дархан Қожахметов: Студенттер қашықтан білім алуды жалғастырады

Әлемді дүрбелеңге салған коронавирус өте қауіпті індет. Елдегі төтенше жағдайдың әр адамға  оңай тиіп жатпағаны белгілі. Осы тұста  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына  кезекті мәлімдемесін жария етті. Еліміздегі әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығының мемлекет үшін маңыздылығын, оны сақтап, қорғау жолында іргелі істердің атқарылып жатқандығын айтты. Мәлімдемеден Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылғандығын білдік. Оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі құптарлық жағдай. Бұл ретте Мемлекет басшысы  барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажеттігін ескертті. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн деп нақты тапсырма берді.  Негізінен тапсырманы тыңғылықты орындау қалыпты өмірге оралтады.
Айта кету керек,  білім саласы қашықтан жұмыс жасай береді. Студенттеріміз  күнделікті сабақ  кестесіне сәйкес  тиісті білім алуын жалғастырады. Онлайн сабақтарды студенттер уақытылы орындауды жолға қойған. Ұстаздарымыз  бағдарлама шеңберінде жоспарлы сабақтарын өткізуде.   
Күн санап  ахуал күрделенген сәтте жауапкершілік сезіну басты  парыз.  Елдегі жағдайдың  одан сайын күрделенуіне жол бермеуіміз қажет. Мемлекеттің басты байлығы адамның денсаулығын қорғауда сақтық шараларды мұқият орындаған жөн.

Дархан Қожахметов,
Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің директоры

27 сәуір 2020 ж. 425 0