Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 16 медицина қызметкеріне ноутбук табысталды

16 медицина қызметкеріне ноутбук табысталды

Қауіпті індетке байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан дәрігерлер бірнеше апта бойы отбасыларынан тысқары жүр. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысының әкімдігі коронавирус инфекциясымен күрескен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасап, кәсіпорындар мен қоғам белсенділері қолдау көрсетуде.
Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры "Covid-19" пандемиясымен күресуші көп балалы 16 кіші буын қызметкеріне ноутбук табыстады.
Сыр өңірінің барша медицина қызметкерлері қиын сәтте қолдау көрсеткен Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қорына алғысын білдіреді.
Айта кетейік, Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры Павлодар, Көкшетау, Шымкент, Теміртау, Талдықорған, Ақтөбе қалаларының медицина мамандары да компьютер сыйға тартқан.
23 сәуір 2020 ж. 509 0