Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарасым тапқан абзал жандар

Жарасым тапқан абзал жандар

Екеуміздің  арамызда үнсіздік,
Сен де маған қарайсың жәй жымиып,
Менде саған қарап тұрмын көз алмай,
Көзімді алсам айырылып қалардай деген өлең жолдары  Ермек пен Гүлнұрға арналып жазылғандай. Жұптары жұмыста да жазылмаған олар медицина саласында қызмет етеді.  Қарапайым емделушіге Гүлнұр  жәй ғана дәрігер ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ Ермек үшін  бүкіл әлемнің өзі болып саналады. Сырдың жігіті  алғаш ел астанасында Қазығұрттың қызымен  танысады. Гүлнұрдың группаласы Шаған ауылынан болатын. Екеуін  ортақ танысы жолықтырып, табыстырады.  Қос ғашық бір жыл жүріп, 2012 жылы шаңырақ көтереді.
Сыр еліне  келін болған Гүлнұр аудандық емханада лор дәрігері. Жары Ермек  медицинаның стоматология  саласын меңгерген. Екеуінің жұмыс бөлмесі қарама-қарсы орналасқан. Қолдары жұмыстан қалт еткенде  бір-бірінің жай-күйін  қас-қабақтан аңғарып отырады. Алдағы күндерді жоспарлайды. Ортақ түсіністік тапқан жарасымды жандардың  қызықты сәттері көп. Бүгінде ақ халаттылар отбасында 3 қамшы ұстар ер жетіп келеді.  Ата-енесімен бірге тұратын  Гүлнұр жұмыс пен үйді қатар алып жүрген ибалы келін.
16 сәуір 2020 ж. 371 0