Ұйқы қалпына қарап, жұбыңызбен сәйкестікті анықтаңыз





✅ 3. Мұндай ұйқы қалпы жұптың бір-біріне ғашықтығын білдіреді. Алайда, олардың өмірге деген көзқарастары бір-бірінікінен тым өзгешеленеді. Сондықтан болашақта үйлесімді жұп болары күмәнді. Онымен қоса, бұл қалып ерлі-зайыптылардың қоршаған әлемнен қорғанатындығын көрсетеді.
✅ 4. Бұл жұп түрлі сындардан өтіп, өзара берік қатынас қалыптастырып үлгерген. Әрбірі жеке басының еркіндігі мен жеке кеңістігін сақтай біледі, бірақ бір-бірінің көңілдеріне қарайды. Екеуі де кешірімді және махаббатты сақтап қалу үшін кішірейе біледі.
✅ 5. Құштарлықтан құралған жұп. Олардың ортақ арман, мақсаттары бар (бастары бір жаққа бағытталған). Бір-бірін түсіне біледі. Олар махаббатта ғана жолы болған жұп емес, сонымен қатар, ортақ істерде де жетістіктерге жете алады.
✅ 6. Егер осылай ұйықтайтын болсаңыздар, бұл күндіз орын алған ұрыстың әсерінен немесе ұзақ уақытқа созылған түсініспеушіліктен болуы мүмкін. Екеуі де салқынқанды жандар, ал махаббаттың жылы сезімі олардың тыныштығын бұзуы мүмкін.
✅ 7. Осылай ұйқыға жайғасатын жұптың ара қатынасы берік. Соған қарамастан, көп уақыттарын бөлек өткізеді. Бірі он сағат бойы жұмыста, екіншісі түнімен достарының жанында болуы мүмкін. Олар бір-бірін толық қабылдай біледі.
✅ 8. Темпераменттері бір-біріне ұқсас жандар. Олардың сыртқы көріністері де ұқсас болуы мүмкін. Өздерін алаңсыз сезінеді. Оны босаңсыған күйлерінен анықтауға болады. 9. Жеке бастарының еркіндігін қатты бағалайды. Тым жақындықтан қорқады. Әрқайсысы әрдайым алаңдаулы. Сондықтан қолдауды қажет етеді. Мұндай жандар серігіне қатты бауыр басудан қорқады.
✅ 10. Бұл қалып ерлі-зайыптылардың бір-бірінің жүйкелерін жұқартпай, бір баспананы тату-тәтті бөлісуге әзірлігін көрсетеді. Қарым-қатынаста әрбірінің құқықтары толық сақталған. Екеуі де бір-бірінің кемшіліктерін бар қалпында қабылдауға дайын.