Кешікпей келген махаббат

Екеуіде бір факультетте оқыса да, махаббат хикаясы кейіннен өрбіді. Жанардың құрбысы Зәуреден Айберік сүйіктісі жайлы барлығын біліп алып, агент әлеуметтік желісі арқылы танысады. Бұл нағыз уақытында кешікпей келген махаббат болатын. Бір көргеннен өмірлік жары қылуды мақсат тұтқан Айберік 2012 жылы өзі армандаған ибалы қызға үйленеді. Екеуін табыстырған Зәуре жаңа отбасының пайда болуына себепкер атанды. Бір отбасының баянды болашығына жол ашқан жан құрбының түйсігі алдамады. Арадағы махаббат жарасымдылығы орнап, тату отбасыға айналды.
Қазіргі таңда Айберік Смайлов №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде, ал Жанар Тәжібаева №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде ұстаздық қызметте. Жас отбасының екі қызы бар.