Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қиындықты елмен бірге еңсереміз

Қиындықты елмен бірге еңсереміз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында қауіпті індеттің таралуына алаңдап отырған елдің көңіліне демеу боларлық келелі ойлар айтты. Сан қилы статистикаға тоқталмай, ұлттың санасын серпілту, болашаққа деген сенімін ояту бағытында ой қозғап, мемлекеттің халықпен бірге екенін ұғындыра білді. Стратегиялық бағыттарға тоқталды.
Елбасы бұл қиындықтан бірлік, тәртіп және болашаққа деген сенім алып шығатынын айтты. Мемлекет тарапынан коронавирустың алдын-алу бойынша жедел әрі сапалы жұмыстар қолға алынғанына атап өтті.
«Әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыруы қажет. «Nur Otan» партиясының мүшелері де осы бір сауапты істің алдыңғы қатарынан табылуға тиіс», – деді Елбасы.
Бұл ретте Сыр өңірінде сақтық шаралары күшейтілгенін, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың бастамасымен нақты жұмыстар атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Елбасы бастамасымен «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы арқылы өңірде көмекті қажет ететін отбасыларға азық-түлік және гигиеналық заттар жеткізілді. Елдегі қиын кезеңде жергілікті кәсіпкерлер айрықша үлес қосып, жанашырлық танытты. Міне, осы қолдаудың нәтижесінде әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, тыл ардагерлері мен жалғызбасты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек берілді. Жекелеген демеушілер де акцияға үн қосып, елге көмектесуде.

Акбар Ақжігітов, 
Бесарық ауылдық Қоғамдық кеңестің төрағасы 
11 сәуір 2020 ж. 396 0