Жастарды саламатты өмір салтын ұстануға үндейік

Елдегі ахуалға байланысты бір арнаға ұйысып, індетпен күрес жүргізуге мүдделеміз. Елбасы өз сөзінде: «Әлем тарихында ондаған жылға, тіпті жүз жылдан да астам уақытқа созылған талай соғыстар, шиеленісті жағдайлар мен кикілжіңдер орын алған. Миллиондаған адамды баудай түсірген індеттер де аз болмаған. Адамзат соның бәрін жеңген. Жан алқымнан алып тұрған бұл шырғалаңнан да шығамыз. Әлемнің ең алпауыт мемлекеттері осы қиындықтан сабақ алуы керек» деген болатын. Бізде әлемді жайлаған індетпен күресте жауапкершілікті сезінуіміз керек. Қиын-қыстау күндері бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ауызбіршілік танытайық. Жастарды саламатты өмір салтын ұстануға үндейік.
Ержан ЖАҚЫПОВ,
Сырдария аудандық мәслихат депутаты