Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ жаулықты аналар көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады

Ақ жаулықты аналар көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады

Алаштың анасы саналған қасиетті Сыр өңіріндегі ақ жаулықты, алтын құрсақты аналар көпшілік қауымды әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.
Айдынды Арал, қазыналы Қазалы, қасиетті Қармақшы, жаңарған Жалағаш, серпінді Сырдария, киелі Шиелі мен жасампаз Жаңақорған аудандарындағы және Қызылорда қаласындағы абзал аналардың құттықтауын облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
Ардақты аналар Ұлыс оң, ақ мол болсын, ұлттық мейрам әр отбасыға бақ пен береке, ынтымақ пен ырыс әкелсін деп өз тілектерін жеткізген. Сондай-ақ мерекеге орай жеті дәмнен жасалған наурызкөже әзірлеп, мейрамды ұрпақтарымен бірге атап өтетінін айтқан.
Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған аналардың құттықтауын жұртшылық жылы қабылдады. Әлеуметтік желі белсенділері тілектер мен ниеттер қабыл болсын деп пікір білдіруде.

"ТТ" ақпарат
22 наурыз 2020 ж. 787 0