Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірге күресейік....

Бірге күресейік....

Коронавирус - дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған кесел болып отыр.2019 жылғы желтоқсан айының соңында бұрын адам кездеспеген коронавирустың түрі пайда болды, оның атауы — COVID-2019. Аурулардың 90% Қытайда анықталды, алайда қазіргі уақытта аурулар дүние жүзі бойынша 140-тан астам елде тіркелген. Оның ішінде елімізде бар. Қазіргі күні Қытай толығымен аталған кеселден айығып отыр. Оның себебі-алдын алу шаралары мен бірлескен жұмыстың нәтижесі. Сондықтан құрметті жастар, еріктілер және аудан тұрғындары жалған ақпараттың жетегінде кетпей қажетті ақпаратты құзырлы органнан ғана алып, алдын алу шараларына белсене атсалысқан жөн.  Қазақ болып құрылғаннан бастап ұлтымыздың басынан өтпеген жағдайлар жоқ. Алайда ел болып, ұлт болып ауызбірлікте барлығын жеңе білген халықпыз. Бұл кеселде өтер. Сондықтан барлығымыз сабыр сақтап, өтпелі кеселдің кесірінен заң бұзуға жол бермейік. Барлығымыз біріге күресейік! Әлем мойындаған Қазақстанды кеселді жеңген ел ретінде танысын.

Ғани ОРАЛОВ,
аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры 
17 наурыз 2020 ж. 546 0