Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бейресми жұмыспен қамту заң аясында жүзеге асады

Бейресми жұмыспен қамту заң аясында жүзеге асады

Отбасында күнкөріс қамы қай кезде де алдыңғы орында тұрады. Кез келген адам сан түрлі кәсіпті кәдеге жаратып, табыс көзін еселеуді мақсат тұтады. Күнделікті жұмыстың өнімділігін арттырып, өмір сүру деңгейін жақсарту маңызды. Қазіргі таңда өздігінен сан алуан қызмет түрімен айналысатын жеке тұлғаларды заңдастыру мәселесі жиі көтеріліп жүр. Яғни, бейресми жұмыспен қамтудың негізгі міндеті – көпшілік арасында заңды түрде еңбек етудің жарқын үлгісін қалыптастыру.
Негізінен, облыс әкімінің 2019 жылғы 16 тамызда бекіткен Қызылорда облысында бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру және сапалы жұмыс орындарын құру бойынша 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Жол картасы жұмыс жасап келеді. Аталған жоспардың 1.1 тармақшасын орындау мақсатында «Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың заңдастырылуын және сапалы жұмыс орындарының құрылуын мониторингілеу бойынша жұмысшы тобын құру туралы» Сырдария ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі №339-ө өкімі қабылданған. Осы күні өзекті мәселеге байланысты көрсетілген тапсырманы орындау деңгейі бақылауда.
Бүгінде арнайы Жол картасы шеңберінде жұмысшы топ  апта сайын мониторингтік талдау жасауда. Бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру және сапалы жұмыс орындарын құру жөнінде жүйелі жоспар жекелеген азаматтарға түсіндіріліп келеді. Мәртебесі анықталмаған  әрбір азаматты өзектендіру немесе бейресми жұмыспен қамтылғандарды толықтай заңдастыру алдағы уақытта кезең-кезең бойынша жүзеге асады. Былтырғы жылы  жоспар бойынша 4432 азаматтың мәртебесін нақтылау барысында 3814 азамат өзектендірілді.  Өз кезегінде өнімсіз  жұмыспен қамтылғандар – 335, жұмыссыз ретінде тіркелмегендер – 178, студенттер – 5, басқа қалаға көшіп кеткендер – 43, мәртебесі анықталмағандар – 9, формализациялаудан бас тартқандар – 38 адамды құрады. Меже 86,1 процентке орындалып, бүгінде 618 азаматты өзектендіру жұмыстары жүргізілуде.  
Ал ағымдағы жылдың ақпан айының көрсеткіші бойынша 4435 азаматтың мәртебесін нақтылау барысында 3824 азамат өзектендіріліп, заңдылық талаптарына сай жұмыс жасауда. Бұдан бөлек өнімсіз жұмыспен қамтылғандар – 326, жұмыссыз ретінде тіркелмегендер – 175, студенттер – 5, басқа қалаға көшіп кеткендер – 45, мәртебесі анықталмағандар – 15, қайтыс болған адам – 1, 3 жасқа дейін бала күтімінде отырғандар – 3, формализациялаудан бас тартқандар  33 адамды көрсетіп отыр. Осы күні 611 азамат бойынша  өзектендіру жұмысы жүргізілуде. Бұған дейінгі көрсеткіш 86,2 процентті көрсетті.
Осылайша бейресми жұмыспен қамту бойынша ауданда бірқатар шара қолға алынған. Алдағы уақытта толықтай көрсеткішті жақсарту және заңдастыру бо­йынша жоспарлы жұмыс жалғасын табады. Жоғарғы межеден көріну мақсатында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары жұмысшы топпен бірге тынымсыз еңбек етуде. Заң аясында адамдардың кәсібін оңтайландыруы – заман талабы. Қоғам өмірімен біте қайнасып,  кәсіптің игілігін көру – отбасы берекесін арт­тырмақ.  

Балтабай ОРДАБЕКОВ


17 наурыз 2020 ж. 275 0