Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ



Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы Сырдария ауданында жүйелі жүргізілуде.

Бүгінде аудан әкімінің өкімімен «Сырдария ауданы бойынша бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары мен мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестердің іс-қимылдарының алгоритімі бекітілді.
Соған сәйкес, Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен мобилді жұмысшы топ мүшелері аптасына екі рет бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жүргізілген шаралардың барысында, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарға мәртебені нақтылау қажеттілігі туралы хабарламалар таратылып, бағыт-бағдар, кеңестер берілуде.
Аудандық мобильді жұмысшы топ мүшелері алдағы уақытта да аталған бағыт бойынша өз жұмыстарын жүргізе беретін болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
26 сәуір 2018 ж. 919 0