Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ИНВЕСТОРЛАР ДЕМЕУШІЛІГІМЕН БОКС ЖӘНЕ ТАЭКВАН-ДО ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ

ИНВЕСТОРЛАР ДЕМЕУШІЛІГІМЕН БОКС ЖӘНЕ ТАЭКВАН-ДО ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ


Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылынан бокс және таэкван-до үйірмелері өз жұмысын бастады.
Спорттық үйірмелердің ашылу салтанатына аудан әкімі Ғ.Қазантаев қатысып, жаттықтырушылар мен спортшыларға сәттілік тіледі.
– Саңлақ спортшылардың көпшілігі ауылдан шыққаны белгілі. Ауыл спортын дамыту мемлекеттік саясаттың да басым бағыттарының бірі. Халқымызда «Нағыз ер – ел үшін еңбек етеді» деген қанатты сөз бар. Облысымызға белгілі кәсіпкерлер Мұрат және Дәулет Сәрсенбаевтар өз еңбектерін елге арнауда. Бүгін ауылдан таэквон-до және бокс үйірмесінің ашылуына демеушілік көрсетіп, қажетті спорттық заттарға 1 млн.500 мың теңге көлемінде қаржы жұмсап, ауыл балаларының спортпен шұғылдануына жағдай жасауда. Сол себепті, аудан халқының және жеке өзімнің атымнан аталған серіктес қызметкерлеріне алғысымды білдіремін,-деді аудан басшысы.
Айта кету керек, бүгінде бокс үйірмесіне 20-ға жуық ауыл жасы жазылған. Ал, таэкван-до спортымен 18 жасөспірім шұғылдануда. Жаттықтырушылар алдағы уақытта ауылдан спорт жұлдыздарын шығаруды мақсат етіп отыр. Ауыл жастарының спорттық жарыстарға қатысуына "Абай-Дәулет" және "Бесарық" ЖШС қолдау көрсетуге әркез дайын.
16 қазан 2018 ж. 1 100 0