Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 26 газет

07 сәуір 2020 ж.

№ 25 газет

04 сәуір 2020 ж.

№ 24 газет

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Әл-Фараби мұралары білім беру жүйесіне енуі қажет

Әл-Фараби мұралары білім беру жүйесіне енуі қажет

Ғұлама ойшыл, ғалым әл-Фарабидің математика саласындағы мұраларын зерттеп қана қоймай, оны қазіргі білім беру жүйесіне енгізу керек.

Бұл туралы республикалық ғылыми семинарда айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Нақты ғылымды дамытуға жол салған «Математикалық трактаттар» әлі де құндылғын жойған жоқ», - дейді ғалымдар. Қазақстанда жоғары класты машиналар мен механизмдердің теориясының негізін қалаған Өмірбек Жолдасбеков – әл-Фарабидің тұжырымдарын зерттеп, оны ғылыммен ұштастырған бірден бір ғалым. Зерттеушінің еңбектерін дамыту негізінде көтергіші бар шағын роботтар, экзоскелеттер, инновациялық элеваторлар жасалды. Бұл жобалар еліміздің энергетика, медицина, отын өнеркәсібінде жоғары сұраныста.

Амандық Төлешов, Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының директоры:

- Өте қарапайым манипуляторлар жасап жатырмыз. Манипуляторлардың жүргізгіштерінің барлығы қозғалатын буындарда тұрмайды, массасы азаяды да, дәлдігі қатаңдығы күшейеді. Сондықтан роботтар басқару жағынан, қай жағынан болсын, қарапайым. Солардың барлығын медициналық робот жасағанға, экзескелет жасағанға тағы басқаға пайдаланып, үлкен бағдарлама, жобалар жасап, істеп жатырмыз. Жолдасбековтың кезінде жасап құрып кеткен үлкен теориясы, қазір өзінің қолданысын табуда ғылымда және практикада.


01 наурыз 2020 ж. 104 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам