ҒАЛЫМДАР БОЙДАҚТАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫН АЙТТЫ
Жалғыз тұратын адамдардың ерлі-зайыптыларға қарағанда көптеген артықшылығы бар екені анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Independent-ке сілтеме жасап.
Калифорния университетінің психологы Белла Де Пауло бойдақтардың ерлі-зайыптыларға қарағанда әлеуметтік желіде достары көп екенін және олармен белсенді түрге хабарласып тұратынын айтады. Мамандар атап өткендей, әсіресе қартайған кезде мұндай таныстықтың жақсы көңіл күй үшін әсері маңызды екен. Сонымен қатар, жалғызілікті адамдар өздерінің дене бітімін физикалық тұрғыдан жақсы қадағалап, семіздікке аз шалдығатын көрінеді. Сондай-ақ, отбасылы адамдарға қарағанда бойдақтардың тұлға ретінде жеке дамуына уақыты көбірек болады. Мамандардың айтуынша, бойдақтар көбінесе білімін шыңдап, табысты карьера жасайды.