Найзағай ой жарқылдайды санамда
Күлжадыра Қасымбекова десек көпшілік қауым танымай қалуы әбден мүмкін. Бірақ белгілі ақын Жадыра Дәрібаеваның төлқұжаттағы есімі мен тегі осылай жазылған. Егемен еліміздің алғашқы Әнұраны мәтінінің авторы, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі құрметті атақтарының иегері атанған жерлес ақын аудандық газет редакциясына топтама өлеңдерін жолдапты. Газеттің бүгінгі санына ақынның бірқатар өлеңін жариялауды жөн көрдік.
Жүрген екем күйсіз және серіксіз,
Ен салмаппын ең болмаса біріне,
Аңғалдықта екен, кейде, көріксіз.
Күңгірт күндер етегіме жабысып,
Кектенбеуші ем, кемірді ғой намысым,
Бір пендемен күнде келем алысып.
Мен түндердің, түнек менің қойнымда.
Үгітіліп кете жаздап жүремін,
Міндеттерден мініп алған мойныма.
Жаратқаннан көп сұрауға батпадым.
Өлшемменен берілетін дүниеге
Ақыреттік жанымды мен сатпадым.
Ошағымда от сөнбесін мезгілсіз,
Келсін көктем, ретімен келсін күз.
Қастандық па, астамдық па білмедім,
Арамызда сілейіп тұр сеңгір мұз.
Қызына артпа шешесінің қатерін»,-
Дедім-дағы, сақшы болдым өзіме,
Кесірінен қорқып қарғыс, қатенің.
Жарқын сенім тербеледі ойымда,
Мойымадым сондықтан да тағдырға,
Аямай-ақ артса да жүк мойынға.
Ошақ отын сөндірмедім үргілеп,
Жүрегіме жара түсіп сан рет,
Орны жатыр, жазыла алмай күлдіреп.
Өзгертетін өн бойыңды аз шама,
Бет алған соң сын сапарға бірігіп,
Жарты жолда жолдасыңды тастама!
Дауылға тосып кеудемді,
Дедім мен: «Сендім өзіңе!»
Ұшықтап көңіл – меңіреуді
Оралдым кәусар кезіме.
Жалындап шықпай жас үнім,
Жоғалтып күндей күлкімді,
Жылаудан қанша жасыдым.
Түптемей, ұқпай түбірін,
Именіп кірдім ортаға
Күншілдің естіп күбірін.
Сұңғыла еді сезімім,
Әбіржітті де қорлады,
Сүрініп қалды-ау сенімім.
Түлейді жүрек сан күйген,
Жан дүниемдегі жарылыс
Мен үшін артық бар күйден!
Артыма қимай қарадым,
Бұралып жатыр жол анау,
Күрсініп қалған, қарағым,
Өкініш орны тола ма-ау?..
Жабырқап жүрген жан едім,
Шамам жоқ енді сыр сақтар,
Сен болдың мұңлы әуенім.
Сергелдең жылдар жылыстап,
Қанша рет көкке телмірдім,
Берер деп жалғыз уыс бақ.
Алмастырды да күн-түнін,
Жүректе шуақ қалмады,
Жеткізбей арман-ынтығым.
Құлыншақ – жаным шырқырап,
Үздігіп көндім оған да,
Жатса да ыза жұлқылап...
Бұралып жатыр жол анау,
Күрсініп қалған, қарағым,
Өкініш орны тола ма-ау?..
Бар жақынға қамқор болып жасымнан,
Кездерім жоқ асыған да тасынған.
Жылу іздеп жүргенімде жаутаңдап,
Табылмады-ау сипайтын жан басымнан.
Біреу оны жинап алар жасырып.
Салмай-ақ қой маған қорған алтыннан,
Берші, шын дос күтіп жүрер асығып!
Биіктікке мен жасымнан құштар ем,
Сәт сапарды сыйла тағы, Тәңірім,
Қиындықтан қаймықпайтын ұстам бер!
Күлкі астында жатар, кейде, өксік те,
Қамкөңіл боп, әлде, біздер өстік пе?
Көз жасымды көрмесін деп жан адам,
Төгемін кеп куәгерім – көпшікке.
Болып барам күннен күнге налығыш,
Күресіп те жүрген жоқпын ешкіммен,
Бойымды бір билеп алған бағыныш.
Қауырсындай кеудем әбден аптықты,
Ойлап па едім жанымдағы жақыннан
Көрем-ау деп соншалықты жаттықты.
Есесіне қол сұқпашы барыма,
Имансызға ұшыратпа қызымды,
Дақ түсірме ұлдарымның арына.
Құрығың да аз емес қой салмаған,
Бүлдіршінім бүгілмесін бүрісіп,
Менен алшы, өшің болса алмаған!
Тұншығып тағы жыладым,
Булығып кеуде ызаға.
Елімнің мұңын тыңдадым,
Қарсы алып таңды бозала.
Қалқасын қимас қинайтын.
Қорыққанынан құдайшыл,
Әруағын, бірақ сыйлайтын.
Бауырға басын имейтін,
Нашымен сөйлеп нақылдай
Тірлікке қолы тимейтін.
Қадірін достың білетін.
Сарсаңға салып серісін,
Өкініп сосын жүретін.
Өзгеге елтіп, ентіктің,
Қырық бір қарыс қырсығын
Арқалап қалдың меншіктің.
Кез туды кәсіп меңгерер.
Биіктен жанса талабың,
Боларсың әлі-ақ кемеңгер.
Ұйқыдан енді ояндың,
Жігер, күш шалқып бойыңда,
Ездікті келді қояр күн.
Жүрегі күйден жаралған.
Айтпайды қазақ орынсыз,
Рухы сөзден нәр алған!
Елімнің ерен егесі,
Пайымыңды паш етер
Ғасырың болсын келесі!
Қалталыға қор қылмашы, Құдайым,
Несібемді бір Өзіңнен сұрайын,
Ақша бітсе ақылсызға алшаңдап,
Әкеледі қалың жұртқа уайым.
Бүкірді де қоятыны-ай шалқайтып,
Қуыс кеуде толып кетсе күнәға,
Қонақтасын лас жерде Ар қайтіп?
Алаяқ тұр танауынан таңқылдап,
Пасықты да патшадай ғып паңдантып,
Қойғаның-ай, жарық дүние, аңқылдақ.
Ибалы жүр еріп көштің соңынан,
Күн бар ма екен адал жанға туатын,
Жылпостардың құтылатын торынан?
(Ақ көңілге кесір қайдан жабысты),
Қолы қысқа қор боп қалды егіліп,
Өкпесін кеп бір өкшелі жанышты.
Әлсіз жанның алдына кеп ерсініп,
Кесапаты кеңістікті керіп тұр,
Аспанды да тұрған жоқ ол менсініп.
Көңіл, шіркін, күні бұрын тозбашы,
Өмір болса, көрерміз-ау әлі біз,
Белгілі ғой күннен түннің озбасы.
Жапырмасын қара күшпен ант атқан,
Саяңа алшы самал жүрек жандарды,
Қырықпашы ұшпай жатып қанаттан!
Мен жыласам аспан бірге жылады,
Оның-дағы таусылғандай шыдамы,
Піл секілді зұлым күшпен алысқан,
Таулардың да салбырап тұр құлағы.
Қара ниет алмақшы еді жанымды,
Қалқан етіп қарсы тұрдым сол бір сәт,
Бойымдағы бар асылым – арымды.
Ыдырады қоршап тұрған үрейлер,
Ойламаушы ем адалдығым үшін де
Күндейді-ау деп «дос» боп жүрген
біреулер...
Сол ұшқынды іліп алсам қаламға,
Кекшіл емес, көпшіл, балаң көңілмен,
Ақ жүзімді тостым ерке самалға...
Қуаныш, қайғы аралас,
Көңіл де, кейде жалаңаш,
Тағдырдың аз ба тәлкегі,
Жалғыздық жанға жарамас.
Жанаспай жанар жарқылы,
Ашылар қалай жар сыры,
Лебіңнен сенің еседі
Қоңырқай күздің салқыны.
Ақ сүтін ана емгенбіз.
Бақыт та бар деп өмірде
Махаббатқа да сенгенбіз.
Өзіңсіз маған таң атпас.
Сезбей-ақ қойдың мұңымды,
Секілді болып жұмбақ тас.
Үміттер кейде үздігіп,
Мұңаям таппай бойымнан
Елітер сені жүз қылық.
Түсінбей келем оған да,
Апалар жиған әсемдік
Біздерде қазір жоғалды, ә?
Түндігін шабыт түргем жоқ,
Тұмшалап байғұс жүректі
Өзімшіл өмір сүргем жоқ.
Жабырқап жаным, қамығып,
Қалғанымды да білмеппін,
Әдемі назды сағынып...
Жылдарым-ай, сіңіп кеткен ғасырға,
Айналып та кеттіңдер ме жасынға,
Тойланбады туған күнім менің бір,
Өкінішті екен бұл жай, расында.
Адамзатқа өткізе алмай сөзімді,
Жүргенімде жетімсіреп, жылдарым
Еш еленбей, көңілсіздеу көз ілді.
Шылдыратып кішкене үйдің қоңырауын,
Мен енгенде құшағына ғаламның,
Үш күн бойы тоқтамапты ақ жауын.
Жақсылыққа бұл қылықты жұрт жорып,
Ат қойыпты Күлжадыра деп маған
Жұтап жүрген жандар мені құт көріп.
Арамдықтың арнасынан татпап ем.
Тілеуменен барлығыңа ізгілік,
Жалғызсырап жүрмін дүбір шақта мен.
(Жалғыз Құдай қай пендесін түзесін).
Жұрттың бәрі өзімшіл боп кеткен бе?
Даулап жатыр қысқа күннен үлесін.
Төбешік боп қалғаннан соң бір шетте
Қажеті жоқ, жек көр, мейлі, жақсы көр,
Сенбеймін мен қисыны жоқ ертекке.
Бар жақынға қамқор болып жасымнан,
Кездерім жоқ асыған да тасынған.
Жылу іздеп жүргенімде жаутаңдап,
Табылмады-ау сипайтын жан басымнан.
Біреу оны жинап алар жасырып.
Салмай-ақ қой маған қорған алтыннан,
Берші, шын дос күтіп жүрер асығып!
Биіктікке мен жасымнан құштар ем,
Сәт сапарды сыйла тағы, Тәңірім,
Қиындықтан қаймықпайтын ұстам бер!
Жадыра ДӘРІБАЕВА