Уәзір ұсынған бес дәрі

- «Мәртебелім, менің бес дәрім бар, соларды ішіп жүрмін». Падишах «қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін» деген әмірін көмекшілері орындамағанына қатты ашуланады. Уәзірге:
- «Қайда ол дәрілер? Көрсет маған!». Сонда Уәзір:
«Бірінші дәрім – тәуекел! Яғни, Аллаһқа иман етіп, істерімді Оған тапсырдым.
Екінші дәрім – тағдырға ризашылық «Жазмыштан озмыш жоқ». Маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп еш шағымданбаймын.
Үшінші дәрім – сабыр.
Төртінші дәрім – қанағат! Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін.
Бесінші дәрім – үміт! Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін, – деп бес дәріні айтып, падишахты аң-таң қалдырған екен.»