Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сен енді менің балдызымсың

Сен енді менің балдызымсың

Бірде «Фариданы татардың қызы деп айта салғаным бар», – деп күлетін. Ол былай болған. Бірде Қазақстан жазушылары Ленинградқа барады. Содан тамақтанатын думанханаға (ресторан) бұлар ауқаттанып алуға барады ғой. Барса бұларды орысқа ұқсаңқырамайтын даяшы қабылдайды. Қалтай жаңағы келіншекке әрі-бері қарап отырып, өзіне шақырып алады да:
– Байқаймын, осы сен менің балдызым болып шықпасаң нетті. Анау аң-таң болып:
– Қалайша? – дейді. Қалтай:
 – Сен татардың қызысың ғой, ә?! – дейді. Анау:
– Оны қайдан білдіңіз? – дейді.
– Білмегенде ше... Енді қойнымда жатқан қатынымды білмегенде кімді білемін. Ол сенің апаң. Аты – Фарида. Сен енді менің балдызым боласың, – деп ем. Бізді іш тартып, кетер-кеткенше бар жылыжұмсағын аузымызға тосып жақсы болып қалдық, – дегені бар.

«Қалтайдың қалжыңдары» кітабынан
26 қаңтар 2020 ж. 811 0