Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлем ғажайыптары: Гондураста балық жауады

Әлем ғажайыптары: Гондураста балық жауады

Әлемде сөзбен жеткізе алмайтын, сырға толы әсем де таңғажайып жерлер көп. Соның ішіндегі ең ерекше құбылыстарды Массагет оқырмандарына қызық болады деген оймен ұсынып отырмыз.
Жануарлардан тұратын жаңбыр – әлемнің көптеген елдерінде тіркелген болса да, өте сирек кездесетін метеорологиялық феномен болып есептеледі. Алайда Гондурас халқы үшін бұл үйреншікті құбылыс ретінде қалыптасқан. Әр жылдың мамыр, шілде айларында аспанда қара бұлттар пайда болып, найзағай жарқырап, күн күркіреп, қатты жел соғып, 2-3 сағат жаңбыр жауады... Жаңбыр аяқталысымен, жерде жүздеген тірі балық денелері жатады. Кейін халық оны жинап, қуырып жейді екен. Кататумбо найзағайы – бұл таңғажайып құбылыс жарқырауды бірде-бір дыбыссыз шығарады. Найзағай шамамен жерден 5 километр биіктікте пайда болады. Аталған найзағай сағатына 280 рет, күніне 10 сағат бойы, жылына 140-160 рет түседі. Бұл құбылыс Кататумбо өзені, Венесуэладағы Маракайбо көліне құйылатын жерінде, дәл сол өзеннің сағасында байқалады.


19 маусым 2019 ж. 1 714 0