Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Корея дәрігерлері елімізде шеберлік сабақтарын өткізеді

Оңтүстік Корея дәрігерлері елімізде шеберлік сабақтарын өткізеді

Мұндай келісім Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының медициналық орталығы делегациясының Сеулге сапары кезінде қол жеткізілді, – деп хабарлайды 24.kz

Орталық басшысы Алексей Цой Ёнсе университетінің клиника басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар Оңтүстік Корея дәрігерлері Нұр-Сұлтанда шеберлік сабақтар өткізуге және қазақстандық әріптестерін оқытуға келісті. Сонымен қатар Ёнсе университетінің дәрігерлері телемедицинаны қолдана отырып, Президенттік медициналық басқару орталығының пациенттеріне кеңес бере алады.

Мұндай жабдық қазірдің өзінде Қазақстанда орнатылған. Алексей Цойдың айтуынша, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықтың мақсаты – елімізге Орталық Азия елдерінен медициналық туристерді тарту. Бұл үшін медициналық орталық АҚШ, Германия, Испания, Ресей, Корея және Жапонияның жетекші клиникаларымен ынтымақтасады.

Алексей Цой, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі:

– Күрделі операцияларды біз әріптестерімізбен бірге Қазақстанда жасаймыз. Технология трансферті, яғни оқыту жұмыс орнында өтеді. Сонымен қатар біз бұл көмекті тек Қазақстан азаматтары үшін ғана емес, Орталық Азиядағы жақын көршілеріміз үшін де ұсына аламыз. Олар сапалы медициналық көмекті шетел дәрігерлерінен оның ішінде корей мамандарынан Қазақстанда да ала алады.

Ли Бён Сок, аурухананың бас директоры:

– Менің ойымша, алдымен медицина қызметкерлері арасында алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру керек, шеберлік сабақтарын өткізу екі елдің медицинасын дамытуға ықпал етеді. Корейлік дәрігерлер АҚШ-тан отыз жыл тәжірибе жинады, егер Қазақстан туралы айтатын болсақ, тәжірибе алмасу ұзаққа созылмайды.


23 қаңтар 2020 ж. 318 0