Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыдағы ұшақ апаты: екінші ұшқыш есін жиды

Алматыдағы ұшақ апаты: екінші ұшқыш есін жиды

Алматының түбінде құлаған Fokker 100 ұшағының екінші ұшқышы есін жиды. Оны жан сақтаудан салалық бөлімге ауыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
№4 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданованың айтуынша, қазіргі кезде ұшқыштың жағдайы бірқалыпты.
«Оның жағдайы түзелді. Ол есін жиды. Қазіргі кезде жан сақтау бөлімінде емес, салалық бөлімде жатыр. Сөйлейді. Барлық сұраққа жауап бере алады», – дейді Байзолданова.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаеваның сөзіне қарағанда, бүгінде қала стационарларында 27 пациент жатыр. Олардың жетеуі – балалар. Бұдан бөлек, тағы үш адам Нұр-Сұлтан қаласында емделуде.
«Жан сақтау бөлімінде екі адам жатыр. Біреуі – Алматыдағы көпбейінді клиникалық ауруханада, екіншісі – Нұр-Сұлтанның ортопедия және травматология ғылыми-зерттеу институтында. Зардап шеккендердің барлығының жағдайы бірқалыпты, денсаулығы жақсарып келеді. Жалпы, дәрігерлер 22 операция жасады, барлығы сәтті өтті», – деп атап көрсетті Әбілдаева.  
08 қаңтар 2020 ж. 489 0