Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комаға түскен әйел 27 жылдан кейін оянды

Комаға түскен әйел 27 жылдан кейін оянды

Германияда клиникада жатқан науқас 27 жыл комада жатып, толық есін жиды, - деп хабарлайды Daily Mail.
БАӘ тұрғыны Мунира Абдулла 1991 жылы жол апаты салдарынан бас-сүйек миын жарақаттаған. Аль-Айн қаласының маңында оқушылар автобусы оның көлігін соққан. Сондай-ақ, көлікте оның ұлы Омар Вебер болған. Анасы баласын жауып, аман алып қалған. Бала жеңіл жарақат алған.

Мунира Абдулла
Мунираны жергілікті ауруханаға жатқызған, кейін диагноз қою үшін Лондонға алып кеткен. Дәрігерлер оның комаға ұқсас жағдайда екенін айтып, оның ауыртпалықты сезінетінін жеткізген. Кейінірек әйелді БАӘ-ге қайтарған. Содан бастап, оған түтікше арқылы тамақ беріп, физиотерапия жасаған.


Мохаммед бен Заид (оң жақта)
2017 жылы Абу-Даби ханзадасы Мохаммед бен Заид осы жағдайды естіп, Мунираға Германияда ота жасау үшін ақысын төлеп берген. Бір жылдан соң Мунира дыбыс шығара бастаған, ал тағы біршама уақыттан соң ол оянып, баласының есімін атаған. Әйел адам Абу-Дабиге қайтып, емделіп жатыр. Оның бұлшықеті семіп (атрофия) қалған.
alashainasy.kz
24 сәуір 2019 ж. 1 144 0