Димаш Құдайберген: Біздің әр кездесуіміз, сыйлықтар алмасумен аяқталады.
Әнші Димаш Құдайберген әлемге әйгілі актер Джеки Чанмен кездескен видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемдік дәрежедегі әнші мен актердың кездесуі өткен жылдың желтоқсанында өткен еді. Димаш Құдайберген ол кезде әйгілі актердың жаңа үнтаспасының тұсаукесеріне қатысқан болатын. Әнші бүгін Инстаграм парақшасында сол кездесудің видеосын жариялады.
«Джеки Чанның жаңа альбомының тұсау кесерінде қонақтамын. Біздің әр кездесуіміз, сыйлықтар алмасумен аяқталады. Алайда ол кісі мені отбасымның әр мүшесіне арнап үлкен чемодан толы сыйлықтар беріп жіберу арқылы жеңіп кетті. Таңғажайып адам. Ол кісімен сұхбаттасқанда керемет әсер аламын. Ол кісі басқа әртістерден тым бөлек, дара тұлға. Рухани тұрғыда бай адам. Біз бір-бірімізбен қолтаңбалар алмастық», - деп жазды әнші Инстаграм парақшасында.
Еске сала кетейік, Димаш пен Джеки Чан бұрыннан жақсы таныс. Қазақ әншісі Қытайда өткен I am Singer жобасында миллиондаған қауымның жүрегін жаулаған болатын. Сонда әйгілі актермен кездесіп, иығына қазақтың шапанын жауып, қоңыр үнді домбырасын да сыйға тартқан еді. Сол жолы Димаш Инстаграм парақшасына: «Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыра сыйладым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның Әлқисасынан шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы «Kung Fu Yoga« кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл- кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!» - деп жазған болатын.