Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ғанибек Қазантаев "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Ғанибек Қазантаев "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Сырдария ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан Ғанибек Қазантаевқа аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 19 қарашадағы №355 шешімімен  «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы - 1960 жылы туылған. Ұзақ жылдар облыстың мұнай саласында еңбек етті. 2013 жылдан 2019 жылдың тамыз айына дейін Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ауданды басқару кезеңінде ауданның экономикалық-өндірістік көрсеткіштері облыста үздіктер қатарында болды. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселерін шешуде оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Аудан ауыл шаруашылығы саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін бірнеше жыл қатарынан  «Облыстың озат  ауданы»номинациясын жеңіп  алып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
 Ғ.Қазантаев 2000 жылы облыс әкімінің, 2002 жылы облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика және Минералдық Ресурстар Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған. «Құрмет» орденінің иегері.
17 желтоқсан 2019 ж. 2 085 1

Гульжан от 19 желтоқсан 2019 00:39
Очень радуюсь за благосостояние жителей моего родного района.Поздравляю с наградой