Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сырдариялық оқушылар үздіктер қатарында

Сырдариялық оқушылар үздіктер қатарында

Кеше облысық жастар ресурстық орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің облыстық ІІІ слеті өткізілді. Аталған шараны ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысы білім басқармасы ұйымдастырып отыр.
Басты мақсат – оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, жас өскіндерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке шақыру. Ерікті мектептер клубына мүшелер қабылдау болып табылады.
200 баланы қамтыған слетке №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің "Болашақ" өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, мектеп-лицей бойынша "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының топ басшысы Азамат Қанапияұлы, ұйым мүшелері Дамир Ахметов, Аружан Абатқызы, Бекзат Серғазиева қатысты.
 Слет соңында аудандық, қалалық мектептерден 33 көшбасшы және белсенді ерікті мүшелері «Үздік көшбасшы», «Адалдықтықтың жаршысы» сынды номинациялармен марапатталды. Оның ішінде Азамат Қанапияұлы мен Бекзат Серғазиева бар.

Б.ОРДАБЕКОВ
06 желтоқсан 2019 ж. 814 0