Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 086/у медицина анықтамасын бірнеше рет қолдануға болады

086/у медицина анықтамасын бірнеше рет қолдануға болады

086/у медицина анықтамасын енді жылына бірнеше рет қолдануға болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Асқар Жұмағалиевтің сөзінше, жақында бірнеше ведомство өкілдері бұдан бөлек қандай қызметті электрон форматқа өткізуге болатынын және қандай құжаттан бас тартуға болатынын талқылады.

"Біз 15 мемлекеттік қызметті автоматтандыруды ұсындық. 13-ін алып тастап, ал 9 бизнес процесті жеңілдетуге мүмкіндік бар екенін анықтадық. Электрон форматқа өткізуге болатын құжаттардың тізімінде 086/у анықтамасы да бар. Ол ең қажет құжат болғандықтан оны онлайн режимге өткізу азаматтар үшін маңызды. Дәрігерлік тексеруден өткеннен кейін тұрғындар анықтаманы eGov арқылы алады. Яғни, пайдаланушы құжатты тез әрі оңай жеке кабинетінен не eGov mobile бағдарламасы арқылы бір жыл аралығында жүктеп, падалана алады", - дейді Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар медициналық тексеруден міндетті түрде өтуі керек. Алдағы таңда бұл анықтама eGov порталында қазақстандықтардың жеке кабинетінде сақталатын болады. Мәселен азамат бір жылда бірнеше рет жұмысын ауыстырса, әр кез сайын 086/у анықтамасы керек болады. Бұл жағдайда ол бұған дейін жасалған медицина анықтамасын пайдалана алады.

05 желтоқсан 2019 ж. 571 0