Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Халық жемесін көрген шыбық

Халық жемесін көрген шыбық

Халиф һарон Рашид бiр қарт адамның кiшкене жемiс ағашының  шыбығын отыр­ғызып жатқанын көрiп, оған:
 - Атай,  сiз ғой қартайдыңыз. Отырғыз­ған ағашыңыздың жемiсiн көре алмайсыз, олай болса неге бейнеттенiп жатырсыз? - дейдi.
Қарт:
 - Бiзден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемiсiн бiз жедiк. Ендi бiз де отырғызайық, жемiсiн кейiнгiлер жесiн, - деп жауап бередi.
Һарон Рашид бұл жауапқа катты риза болып, қартқа бiр уыс алтын бередi. Қарт:
 - Көрдiң бе, балам, бұл шыбықтың же­мiсiн, мiне, мен де көрдiм, - дейдi. Одан сайын риза болған халиф тағы бiр уыс алтын берiп жүрiп кетiптi.

Авторы: Пернегүл Үсенова
01 желтоқсан 2019 ж. 788 0