Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жапония тұрғыны әлемдегі ең қарт адам деп танылды

Жапония тұрғыны әлемдегі ең қарт адам деп танылды

Жапония тұрғыны Канэ Танака әлемдегі ең қарт адам деп танылды. Қазір оған 116 жас пен 66 күн толған. Бұл туралы Гиннес рекордтар кітабы мәлімдеді.

Ол Фукока қаласындағы қарттар үйінде тұрады. Сенбі күні ол жерде салтанатты түрде кейуанаға құрмет белгісі берілді. Қарт әжейдің айтуынша, бұл оның өміріндегі ең бақытты сәттердің бірі болған. 
Танака 1903 жылы 2 қаңтарда өмірге келген. Оның күйеуі мен ұлы Екінші дүние жүзілік соғыста қаза тапқан. Жапондық әйел өмір бойы күріштен жасалған шелпектер сататын дүкенде жұмыс істеген. Дүкенді күйеуі екеуі соғыс басталғанға дейін ашқан. Зейнетке шыққан соң Танака 1970 жылдары шетелге шығып, АҚШ-қа барып қайтқан. 
2005 жылдан бері ол осы қарттар үйінде тұрып келеді екен. Қарт әжей ерте тұрып, үстел ойындарын ойнағанды жақсы көреді. Сондай-ақ, тәттіден де бас тартпайды. 103 жасында ота жасатып, қатерлі ісігін алдырған, одан басқа еш жері ауырмаған. 
Бұған дейінгі ең қарт адам да осы Жапония тұрғыны болған. Тиё Мияко есімді Жердегі ең көп жасаған адам 117 жасында көз жұмған еді.

https://baq.kz/
10 наурыз 2019 ж. 918 0