Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлем таныған көшбасшы

Әлем таныған көшбасшы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің бү­гін­­гі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы ­жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және яд­ролық қару­сыз саясатын паш етіп, Қазақстан­ды жо­ғары халықаралық деңгейге шығарды.
Мемлекет басшысының бастамасымен Тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Ұлт Лидерінің бас­тамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назары күшейіп отыр.
Елбасының феномені туралы қалам тербеген шетелдік БАҚ-тағы бірнеше мемлекет президентінің пікірлерін оқырманға жет­кізуді жөн көрдік.
Ең алдымен көршілес Ресей Федера­ция­сының Прези­денті В.Путиннің Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы «Нұрсұлтан Әбішұлы – саясатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені қатты таңғалдыратыны — оның заман тынысын дөп басып танитыны. Бұл қасиет — бүгінгі әлемді жан-жақты сезіне алатын қасиет оған қайдан дарыған?.. Ол адал да әділ. Бір мәселелерді талқылағанда, әрдайым қатардағы адамдарға бұл қалай тиеді деп ойлап тұрады. Бұл жеке адамға, қарапайым отбасылар өміріне қалай әсер етеді? Солардың орнына өзін, өзінің жақындарын қойып көріп барып, шешім қабылдайды. Ол – өз халқының бір бөлшегі» деп оң пікір білдірген.
Ал Түрік Республикасының Президенті Реджеп Та­йып Эрдоған «Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына әрқашан ашықпыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің түркі әлеміндегі беделі биік, Нұрсұлтан Әбішұлының барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды» деп ризашылығын жеткізген.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында біздің елдеріміздің арасында әріптестіктің мықты іргетасы қаланған. Нұрсұлтан Әбішұлы елдеріміздің достығын нығайту үшін аянбай еңбек етті. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевты Қытай елі жақсы біледі және аса құрметтейді» деген жоғары пікірі, екі ел арасындағы ынтымақтың айқын көрінісі.
Иә, бұл Елбасының әлем тарихында алар орнының ерекше екендігін айқын көрінісі. Президент пікірлерінен аңғарғанымыз ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев – тек тәуелсіз қазақ еліне ғана емес, күллі әлемге танылған кемеңгер саясаткер. Ел игілігі үшін тер төккен Елбасыны әлем осылай таниды.

Майя ҚОЖАБАЙ
30 қараша 2019 ж. 1 605 0